Жамбыл жаңалықтары

Арайлықтар ақпарат таратуда алда болады

Құрметті, «ARAI» газетінің оқырмандары!
Сәт сайын жаһан жүзінде ақпарат ағыны қарқын алмаса, толастамасы анық. Оның барлығын біліп отыру мүмкін емес, әрине. Дегенмен, өзімізге қажетті дүниелерден хабардар болу, жедел әрі сенімді ақпаратқа қанығу – заман талабы. Осы орайда, сіздердің сүйікті газеттеріңіз бүгіннен бастап өзінің «Arainews» ақпарат агенттігін іске қосқандығын хабарлайды.
Агенттіктің www.arainews.kz мекенжайында орналасқан сайтында Әулиеата өңірі, еліміз бен әлемде болып жатқан соңғы оқиғалар жүйелі түрде екі тілде (қазақ, орыс) жарияланып отыратын болады. Сонымен қатар, онда Сіздерге арналған қызықты да танымдық мақалалар, бейнематериалдар мен фоторепортаждар топтамалары жинақталады. Егер ақпарат ағымынан қалмай, дүниенің дүбіріне ілесемін десеңіз, «Arainews» ақпарат агенттігінің сайтына кіруге асығыңыз, ағайын!

ПІКІР