Жеңіс-75

Ардагерден алғыс алған еріктілер

Written by Aray2005

Тараздық еріктілер мен Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенттері Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында 93 жастағы соғыс ардагері Галина Беляеваның шаңырағына арнайы барып, үй шаруаларына қолғабыс етті. Олардың мұндай көз тоятын тындырымды тірлігіне риза болған ардагер әже ақ батасын беріп, алғысын жаудырды.

Бүгінде облыс орталығында майдан даласында Отан үшін от кешкен 33-ақ соғыс ардагері қалды. Өкінішке қарай олардың саны азайып барады. Бейбіт күнде өмір сүруімізге себепші болған ардагерлерге құрмет көрсету – жастардың айнымас асыл міндеті, парызы. Бұл бағытта Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының базасында 700-ге тарта еріктіден тұратын құрам жасақталған. Орталық директорының міндетін атқарушы Абзал Есіркепов майдангерлерге арналған еріктілер көмегі тек мереке қарсаңында ғана емес, жыл бойы көрсетілетінін жеткізді.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

ПІКІР