Жеңіс-75

Ардагерлерге – 1 миллион теңгеден!

Written by Aray2005

Өңірде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Барлық мерекелік іс-шаралар онлайн-форматта өтеді.

Бүгінгі таңда облыста Ұлы Отан соғысының 57 ардагері мен мүгедегі тұрады. Олардың әрқайсысына Жеңіс күніне орай 1 миллион теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілмек.
Сонымен қатар ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген 1989 адам 100 мың теңгеден алады. Тыл еңбеккерлері де назардан тыс қалмаған. Соғыс жылдарында тылда 6 айдан астам жұмыс істеген 4742 адам 50 мың теңгеден алады. Ұлы Отан соғысына қатысушылардың 337 жесірі мен ҰОС мүгедектерінің әйелдері де әлеуметтік көмек тағайындалады. Ал Ленинград қоршауының үш бұрынғы тұтқыны мен концлагерьдің үш тұтқынына 60 мың теңге төленеді.
Сондай-ақ ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне Мемлекет басшысының атынан медальдар, алғыс хаттар мен азық-түлік себеттері беріледі.
Бүгінде облыс аумағында Ұлы Отан соғысының 197 батырына ескерткіш орнатылған. Оның 11-і мемориалдық тақта.
Кеңес Одағының Батырлары мен «Даңқ» ордені иегерлерінің есімдері облыс бойынша бір елді мекенге, үш ауылдық округке, 41 нысанға, 575 көшеге берілген.

ПІКІР