Жамбыл жаңалықтары

Әрқашан күн сөнбесін…

Written by Aray2005

Бұл күннің аталып өтуі тегіннен-тегін емес. Әлемнің көптеген елдерінде балалардың құқығы тапталып, аштықтан өліп, тұрмысы төмендіктен қайыршылық күй кешіп, бірүзім нанға зар болып жүрген, я болмаса балалық шақтың балдәуренін бірүзім нан үшін ауыр еңбекпен өткеріп жүрген балалар жоқ емес. Миллиондап саналады. Жаратқанға мың да бір шүкір, кешегі Кеңес өкіметі кезінде де, қазіргі Тәуелсіздік Қазақстан елі де балалар құқығын қорғауда кешенді бағдарламалар қабылдап, баянды жұмыстар жүргізілуде. Соның арқасында аспанымыз ашық, балаларымыз ешнәрсеге мұқтаж емес, аш-жалаңаштықтың не екендігін білмей бақуатты күн кешіп жүргендері әмбеге аян.

Маусым айының басында Қаратау қаласында бақытты балалық шақтың жаз маусымының басталуына орай қала мектептеріндегі бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен үлкен іс-шара өтті. Оны аудандық іскер әйелдері қауымдастығы (төрайымы Гүлдана Жанаева) ұйымдастырды. Балалардың шығармашылығына арналған сайысқа «Жұлдыз» аула клубының оқушылары, А.Байтұрсынұлы, Балалар өнер мектебінің балалары қатысып, асфальт бетіне сурет салды. Би билеп, ән шырқады.

Іс-шараның қорытындысымен жеңімпаздар арнайы сыйлықтарға ие болды. Оны аудан әкімінің орынбасары К.Садубаев табыстады. Ал іскер әйелдер қауымдастығы жарысқа қатысушыларға тегін балмұздақтар таратты.

Бақытты балаларымыз үлкен шат көңілмен тарқасты.

ПІКІР