«Әркімнің сөзіне ере бермейік»

0 0

– Жер шарындағы барлық дерлік мемлекеттерге ауыз салған пандемия өкінішке қарай Алаш аспанын да айналып өтпеді. Қазіргі таңда отыздан аса отандасымыз коронавирусқа шалдықса, жүздеген азаматымыз карантинде жатыр. Әрине бұл біздің елімізді ғана емес бүкіл құрлықты алаңдатып отыр. Тіпті, медицинасы дамыған елдердің өзі бұл дерттің шипасын таба алар емес. Соған қарамастан індет асқынған елдер қауіпсіздік шараларын жүйелі түрде жүргізуінің нәтижесінде ауруды төмендетіп отыр. Яғни қауіпсіздік шарасын қатаң сақтаған жағдайда ғана көлденеңнен келген кеселге қарсы тұра аламыз. Елімізде қазіргі таңда төтенше жағдай. Сондықтан халық сабыр сақтауы қажет.
Шындығында өмір – сынақ, жақсылықпен қоса қиындық та қатар жүретіні баршаға аян. Сол қиындықтарға мойымай сабырлық таныту – біздің міндетіміз. Кезінде ата-бабаларымыз қанша қиыншылық көрсе де, сорақы-зұлматтарға сабыр етіп, тығырықтан шығу жолдарын іздеп, қиындықтың арты жақсылық болатынына үлкен сеніммен қарап, сабырлықтың үлгісін көрсете білген.
Сондықтан облыс тұрғындарын әлеуметтік желідегі алып-қашпа ақпараттарға сенбей, шыдамдылық танытуларын сұраймын. Әр адам жауапты мамандардың пікіріне құлақ асып, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауы керек. Сонда ғана біз індетті еңсереміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.