Артур Төлепов Алматы қаласындағы аудан әкімінің кеңесшісі болды

0 1

Белгілі жас актер Артур Төлепов Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болды. Төлепов бұл лауазымда атқаратын қызметін өзі баяндап, халықтан қолдау сұрады.

«Иа, достар! Солай болып жатыр. Алланың қалауымен, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалдым. Маған сенім білдірген аудан әкімі Қалдыбеков Азамат Бескемпірұлына рақмет!Дүниедегі ең оңай жұмыс – кеңес беру ақыл айту. Ең қиыны – біреуге айтқан кеңесің мен ақылыңды өзің жасау», деп жазды Төлепов.
Айтуынша, актер кеңесшілік қызметтен өзге міндеттерді атқаруды ұйғарған. Жоба жемқорлықтың алдын алу мақсатында қолға алынған.
«Сондықтан, жап-жас басымызбен кеңседе кеңес беріп отырмай, елдік жұмыстарға тікелей араласқан жөн болар деп ойлап, Алмалы ауданындағы «Adaldyq alany» жобалық кеңсесінің жұмыстарын да мойынымызға алып жатырмыз», деді ол.

 

alashainasy.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.