Ashyq жүйесінде ақау неден шыққаны анықталды

0 24

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі мице-министрі Әсет Тұрысов Ashyq қосымшасындағы ақау үшін кешірім сұрады.

«Ashyq» жүйесі жұмысындағы техникалық проблемалар мобильді қосымшаға мүліктік құқықтарды мемлекетке беру бойынша толық сүйемелдеу және операторға бейімдеуге байланысты туған.

«Ashyq-та соңғы күндері болған сәтсіздіктер мен техникалық ақауларға қатысты. Адамдарға қолайсыздық тудырғанымыз үшін кешірім сұраймыз. Бұрын ескертіп айтқанымыздай мемлекет Ashyq жүйесін қабылдады. Соңғы күндері толық көшу және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» операторына бейімде жұмысы жүрді. Енді техникалық мәселелерді ұлттық оператор қадағалайды. Барлық жоғары санатты маман жүйенің жұмысын қамтамасыз етеді», – деді Әсет Тұрысов ОКҚ онлайн-брифингінде.

Tengrinews

Leave A Reply

Your email address will not be published.