«Ashyq» жобасы – бизнеске ашылған жол

0 17

«Ashyq» жобасын өңірде алғашқылардың бірі болып «Бизнеске арналған Үкімет» орталығы енгізді. Аз уақыттың ішінде өзінің тиімділігін көрсеткен жоба санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды бақылаудың таптырмас жүйесі.

Елімізде әлі күнге дейін коронавирус пандемиясының сейілер түрі жоқ. Бұл өз кезегінде бизнес субъектілеріне кері әсерін тигізіп жатыр. Кәсіпкерлік саласы экономиканың негізгі күретамыры екендігі ақиқат. Сондықтан мамандар індет кезінде саланы құлдыратпаудың түрлі жолдарын қарастыруда. Осы орайда еліміздің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері кәсіпкерлік нысандарында «Ashyq» жобасын енгізу туралы қаулы шығарған болатын. Осының аясында «Бизнеске арналған Үкімет» орталығы «Ashyq» жобасын енгізді.
– «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының базасынан ашылған «Бизнеске арналған Үкімет» орталығы өткен жылдың қазан айында жұмысын бастаған. Сол уақыттан бері орталық кәсіпкерлердің көптеп жиналатын орнына айналып келеді. Қазіргі таңда мұнда кәсіпкерлерге 8-ден астам мекеме өкілдері қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, олар облыстық кәсіпкерлік палатасының, «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының, «Тараз», «Атамекен» шағын қаржы ұйымдарының, «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясының, екінші деңгейлі банк менеджерлері, кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша сарапшылық топтың өкілдері, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері. Өз кезегінде бұл мамандар санитарлық талаптарды барынша сақтап, тәулігіне 25-тен астам бизнес өкілін қабылдап, түрлі кеңестер береді. Айта кетерлігі, сондай-ақ еліміздің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы қаулысына сәйкес, облыста алғашқылардың бірі болып аталған жобаны қолға алдық, – дейді «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы төрағасының орынбасары Жанель Ілиясова.

Айжан Өзбекова

Leave A Reply

Your email address will not be published.