Жамбыл жаңалықтары

Асқар Мырзахметов байзақтық кәсіпкерлермен кездесу өткізді

Written by Aray2005

Асқар Мырзахметов байзақтық бизнес өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында кәсіп иелері өз жұмысын жандандыру жолында туындап отырған әртүрлі мәселелерін ортаға салып, шешіп беруін сұрады. Өз кезегінде салалық жауапты басшылар жауап беріп, түйінді түйткілдердің шешілу жолдары қарастырылатынын жеткізді. Асқар Исабекұлы кездесуде көтерілген мәселер туралы тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеп, кәсіпкерлікті қолдау барысында барлық мүмкіншіліктерді пайдалану керектігін баса айтты. Айта кетейік, бүгінде ауданда барлығы 5417 кәсіпкер тіркелген.

ПІКІР