Жамбыл жаңалықтары

Асқар Мырзахметов Диқан ауылының цифрландырылған ақпараттық орталығында болды

Written by Aray2005

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов Диқан ауылының мәдениет үйіндегі цифрландырылған ақпараттық орталығының жұмысымен танысты. Айта кетейік, бұл ақпараттық орталық арқылы бүгінде ауыл тұрғындары бірқатар мемлекеттік қызметтерді алуда.

Атап айтар болсақ, мекен-жайы, сотталмағандығы, жылжымайтын мүлкі, зейнетақы қоры туралы секілді анықтамалар алып, балабақшаға кезекке қою және некеге тұру туралы өтініштерін қалдыра алады. Сондай-ақ, ондағы ақпараттық сайт арқылы ауданның, ауылдың паспорты, ауыл жаңалықтары, ауыл тұрғындарының хабарландырулары, көліктердің жүру кестесі, ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу мүмкіндіктері, жалға беру ұсыныстары, жұмыспен қамту, білім, денсаулық салаларына қатысты керекті мәліметтерге де толыққанды қол жеткізуге мүмкіндіктері бар.

ПІКІР