Жамбыл жаңалықтары

Асқар Мырзахметов құландық жастармен кездесті

Written by Aray2005

Облыс басшысы А. Мырзахметовтың Т.Рысқұлов ауданындағы жұмыс сапары аудандық Мәдениет үйінде түйінделді. Онда Асқар Исабекұлы ауданның бір топ жастарымен кездесті.
Айта кетейік, бүгінде ауданда барлығы 64 443 халық бар болса, оның 14 453-і, яғни, 22 пайызы жастар.
«Жастар жылына» орай ауданда ауқымды шаралар қолға алынған. Жастарды әлеуметтендіру жұмысы да назардан түспек емес. Ағымдағы жылы 718 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланса, алғашқы тоқсан қорытындысы бойынша 192 жас жұмыспен қамтылыпты.

Ауданда өткен жылы «Zhas Projeсt» жастар корпусын дамыту жобасы аясында 24 жоба ұсынылып, 12 жоба грант иегері атанған. Оның 4 жобасы жалғасын тауып, жастар өз кәсіптерін дамытуда.
Осылайша аймақ басшысының Т.Рысқұлов ауданындағы жұмыс сапары қорытындыланды. Бір күндік іс сапары барысында ауданның басты бағыттары – экономикалық және әлеуметтік салалардағы жұмыстар сараланып, бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктелді.

ПІКІР