«Астана – ұлтымыздың рухани ордасы»

0 24

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы 6 шілде – Нұр-Сұлтан қаласы күніне орай оқырмандарға патриоттық тәрбие сіңіріп, Отанын сүюге, туған жердің қасиетті жерлерін насихаттау мақсатында «Астана-ұлтымыздың рухани ордасы» атты флеш-моб өткізді.
Іс-шара кітапхананың тұрақты оқырманы Оңғарбаева Қолқанаттың «Астана» әнімен ашылды. Оқырмандарға Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының тарихы мен қарқында дамып келе жатқан сәулетті ғимараттары туралы айтылып, «Еңсесі биік Елорда» атты бейнеролик ұсынылды. Сондай-ақ, Жамбыл облыстық жоғары медициналық колледжінің 1 курс білімгері Тоқтанбекова Анель, Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының оқушылары Қалдарбекова Көркемай мен Тоқтанбекова Жанель «Рухты ару», үндінің «Мани-мани» әндеріне билесе, «Болашақ» мектеп интеранатының оқушысы Жұматаев Алмат «Туған жер», «Анамның тілі» әндерін орындап, көрермен қошеметіне бөленді. Сонымен қатар, балалар әсем қала Нұр-Сұлтанның көрікті жерлері мен ғимараттардың суретін салып, бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты қалыптастырды. Олардың ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында «Менің елім» атты викториналық ойын жүргізілді.
Шараны кітапхана директоры Жанна Тұрарқызы қорытындылап, балаларды Нұр-Сұлтан қаласы күнімен құттықтап, сайысқа белсене қатысқан оқырмандарға бағалы сыйлықтар табыстады. Ал, кітапханашы Сейтбаева Гүлнар Джарғаққызы отбасылық демеушілігімен бүлдіршіндерге балмұздақ таратты. Іс-шара биші қыздардың «Ча-ча» флеш-мобымен аяқталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.