Атаның ақылы – ұлтқа азық

0 26

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» сыйлығының иегері айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабековпен «Әрбір азамат рухани биік тұлға болуы тиіс» атты онлайн сұхбат өткізді.
Сұхбатта ақын айтысқа келген алғашқы жылдарын, бала Мұхамеджанның тәрбиесі, ата-әжеден, анадан алған тәлімі, отбасы құндылығы, жаһандық отарлау, ұлттық идеология жайында терең әңгіме өрбітіп, әр тәлім-тәрбие жөніндегі әңгімелерін нақты мысалдармен келтірді.
Анасының кітапханашы болғанын, қазіргі қоғамдағы кітаптың орыны, руханият ордасының ұрпақты тәрбиелудегі маңызына тоқталды.
Алғаш ашқан діниағартушылық «Асыл арна» телеарнасы мен қазіргі таңда жаңадан эфирге шыққан «Тәлім тв» телеарнасының мақсаттарын айтып өтті.
Сын мен соққыға төтеп беру жолдарын, көркем мінездің пайдасы жайлы да кең көлемде әңгімелеп, кездесу соңында оқырмандарға ақ тілегін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.