«Атлах» шайқасына 1270 жыл толуына орай халықаралық конференция өтеді

0 9

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Атлах» шайқасына 1270 жыл толуына орай «Қазақ даласына Исламның келуі» тақырыбында халықаралық конференция өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осыдан 1270 жыл бұрын, яғни 751 жылдың шілде айында Тараз қаласына іргелес жатқан шағын ғана Атлах бекінісі маңында болған оқиға – Қазақстан мен Орта Азия және күллі мұсылман әлемі тағдырына шешуші ықпал жасаған тарихтағы ұлы жеңіс. Еліміздің ертеректен мұсылмандықты ұстанып, тіпті ислам мемлекеті болғандығын жаңғыра айтып, күллі әлемге паш ету мақсатында ұйымдастырылып отырған халықаралық конференцияға көршілес Қырғызстан және Өзбекстан елінің мүфтилері, әлемдік және отандық оқу орындарының профессор, докторлары, қоғам қайраткерлері, академик, ғалымдар, барлық облыстың бас имамдары және ел ағалары қатыспақ.

Таразда өтетін конференция 3 маусым күні басталады.

 

egemеn.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.