Аудан әкімдерін халық сайлайтын болды

0 46

2024 жылдан бастап аудан әкімдерін жұрттың өзі сайлайды. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында айтты.  

«Алда тұрған аса  маңызды қадам – аудан әкімдерінің тікелей сайлауы. Мен бұл сайлауды 2024 жылы өткізу керек деп санаймын. Осы бастама елімізді демократияландыруға және жергілікті басқару институтын нығайтуға елеулі үлес қосады деп сенемін. Түптеп келгенде, аудандарда сайлау өткізу – халық билігін орнатудың айқын көрінісі болмақ. Сондықтан құзырлы мемлекеттік органдарға қажетті дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырамын», — деді Президент.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.