Қоғам

Аудан әкімі ауылдарды аралауда

Written by Aray2005

Облыс əкімі бекіткен жергілікті атқарушы органдардың жұмыс алгоритмі бойынша Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек Түркістан ауылдық округінде болды. Округке қарасты үш ауылдың да тыныс-тіршілігімен танысқан аудан басшысы əлеуметтік нысандарды аралап шықты.

Округтегі әлеуметтік нысандар жұмысы қалыпты деңгейде өз жұмыстарын атқаруда. Ал,шаруалар көктемгі егістік жұмыстарын аяқтауға жақын. Осының барлығын іс-сапар кезінде көзбен көріп, көңілге түйдік.

Жалпы биыл ауданда жиырма мың гектардан астам жерге ауыл шаруашылық дақылдарын орналастыру жоспарланған болса, қазір соның он екі мың гектары егіліген. Осы сапар барысында округке қарайтын үш ауылдың тұрғындары түгелге дерлік аудан әкіміне жолығып,жеке қабылдауында болды.

Қорытынды кездесу Әшір Бүркітбаев ауылында өтті. Онда тұрғындардың талап тілектері, сауалдарына жауаптар берілді. Аталмыш ауылдың əкімі алгоритм бойынша атқарған жұмыстарына есеп берді. Есеп тұрғындар тарапынан қанағаттанарлық баға алды. Осы сапарда жер,су,жедел жәрдемге қатысты мəселелер көтеріліп аудан басшысы тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар учаскелік полиция қызметкерінің жұмысына байланысты туындаған мəселе, сол мезетте оң шешімін тапты Аудан басшысы ауылдың көріктенуі,көгалдандыру,көгеріштендіру, жасыл желектендіру, ауылдың әлеуметтік картасын жасау секілді жұмыстарды ауыл әкіміне тапсырды.

Дариха Үмбетиярова,

Сарысу ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

ПІКІР