Аудан орталығына дезинфекция жасалды

0 0

Елде коронавирус инфекциясының тіркелуіне байланысты, індеттің алдын алу және адамдар көп жүретін қоғамдық орындарды залалсыздандыруға әскери қызметшілер де атсылысып жатыр. Өткен аптаның жұмы күні ауданға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімнің сарбаздары келіп, Б.Момышұлы ауылындағы бірқатар мекемелердің аулаларына дезинфекция жұмыстарын жасады.

Атап айтқанда, арнайы киім киген сарбаздар Халыққа қызмет көрсету орталығының аудандық бөлімшесінің ауласын, орталық базар аймағын, темір жол бекетіндегі аспалы көпірді, темір жол бекетінің маңын, Рысбек батыр көшесінің орталық тұсына залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Аталған жұмыстарға Б.Момышұлы ауылы әкімінің орынбасары Затыбек Пашенов, аппараттың жауапты мамандары да атсалысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.