Мәдениет

Аудандық музейде «ашық есік» күні өтті

Written by Aray2005

Халықаралық музейлер күні аясында Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Ашық есік күні» өткізілді. Бұл күні өлкеміздің өмірі мен тарихын танығысы келген тұрғындар музей қонағы болды.

Тарихы тереңнен бастау алатын Байзақ жерінен көптеген қазба байлықтары табылған. Мұражайдың археология залынан бастап, тарих, этнография, «Даңқ» мәдениет және спорт залдарын аралап көрген үлкен-кіші өз сауалдарын қойып, жауаптар алды.

Бұл күні сонымен қатар, Байзақ ауданы №1 мектеп-гимназия оқушыларымен бірге танымдық сабақ ұйымдастырылды. Аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Айнагүл Мамытбекова жастарға аудан тарихын түсіндіріп, музейлер жайлы кеңінен ақпарат берді.

ПІКІР