Әулиеата жайлы ақпаратты әуежайдан ала алады

0 5

Облыстық туризм басқармасы Тараздағы «Әулие-Ата» халықаралық әуежайына Жамбыл облысының туристік нысандары бойынша жолсілтеме карталары бар ақпараттық стенд орнатты.

Қала қонақтары, жолаушылары және туристері ақпараттық стендтен жалпы өңіріміз туралы біле алады. Стендке карталардың кітапша және кішірейтілген нұсқасы қойылған. Картаның бірінші бетінде тек Таразда орналасқан нысандар болса, келесі беті облыс аумағын толық қамтитын тарихи орындары бейнеленген. Сонымен қатар стендте туристік қауымдастық мүшелері туралы (қонақ үй,мейрамхана,дәмхана,кафе,демалыс орындары) ақпарат ала алады.

Облысымызға әуе жолдары арқылы 2019 статистика бойынша он төрт мыңнан аса жолаушы қатынаған. Сондықтан мұндай ақпараттық стендтер қызметі туристерге пайдалы болмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.