"Шабыт"

Әулиеатадан — Ақордаға

Written by Aray2005

Берік Құрманғалиға

Іскерлігің ізетіңмен үндесіп,
Жайсаң мінез ізгілермен күн кешіп,
Азаматсың аңқылдаған ақ жүрек,
Іздеріңде қалатұғын гүл де өсіп.

Сен жүрген жер шұғылалы, шуақты.
Жүзеге асты талай ойың қуатты.
Жатырқамай, жақсылармен жүресің,
Бірге туған бауырларың сияқты.

Халық сенің – ең асылың, бағалың.
Сағынарсың бұл өлкенің самалын.
Саған бүгін сәлем беріп тұрғандай,
Қимастықпен қызғалдағы даланың.

Әулиеатадан Ақордаға аттандың.
Ал мен болсам өзің үшін мақтандым.
Өнегелі өміріңе нұр шашсын –
Саған берген ақ батасы қарттардың!

Қолдауымен Мырзахметов Асқардың,
Өзің ішкі саясатты басқардың.
Дүниенің қай жерінде жүрсең де,
Мейірімді Тараз елін еске алғын!

Сен де сүйдің қасиетті мекенді.
Ел алдында борышың да өтелді.
Халқың үшін еңбегіңді аямай,
Арманыңа, мақсатыңа жет енді!

Қайырбек Асанов,
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

ПІКІР