Әулиеатаны әнмен әлдилеген «Шәмші ғұмыр»

0 13

Облыс әкімдігінің қолдауымен әрі облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Шәмші ғұмыр» спектакль-концерті өтті. Шара Қазақстанның Халық әртісі, қазақ вальсінің королі, даңқты композитор Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы аясында ұйымдастырылған шара Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында өтті.
Кеште ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың құттықтау сөзі қалың көпшілікке жеткізілсе, шара соңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та құттықтау тілегін білдірді.
Облыстық халық шығармашылығы орталығы іс-шараны үйлестірумен қатар, қолөнер шеберлері ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, суретші-мүсінші Қ.Аманқосов пен С.Бисеновтың туындыларын халық назарына ұсынды. Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы композитордың ән туындыларына арналған кітап көрмесін ұйымдастырса, облыстық тарихи-өлкетану музейі «Қазақ этнографиясы» экспозициясынан жасақталған көрме қойды.
Сондай-ақ кеш барысында А.Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театры ұжымының И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» музыкалық драмасынан үзінділер қойылымы ұсынылды. Айтулы кешке елімізге белгілі эстрада жұлдыздары Б.Самединова, Г.Ақүрпекова, Д.Таңатаров, С.Медеуов, С.Майғазиев, К.Жанәбілов қатысса, К.Әзірбаев атындағы облыстық филармониясынан «Тараз» триосы, О.Азаматова, М.Бабақұлов, Ғ.Мәтебаев, А.Мақашова және «Ақкербез», «Айша бибі» би ансамбльдері шараны ән-бимен көркемдеді.

Нұржан ҚАДЫРӘЛІ

Leave A Reply

Your email address will not be published.