Аустрия елшілігі Қазақстан құрамасына виза беруден бас тартты

0 1

7 маусым күні футболдан Аустрия жерінде өтуі тиіс жолдастық кездесу болмайтын болды.

Қазақстан ұлттық құрамасы 4 маусым күні Македония астанасы Скопьеде, 7 маусым күні Аустрияның Вольфсберг қаласында Мальта құрамасымен жолдастық кездесулер өткізуі тиіс болған. Алайда, пандемияның өршіп тұрған кезінде Аустрия аумағына виза алу өте қиынға соқты. Аустрияның Қазақстандағы елшілігі Қазақстан құрамасына виза беруден бас тартты. Осы мәселеге байланысты Қазақстан – Мальта матчы болмайды. Демек, Талғат Байсуфинов баптайтын командамыз 4 маусым күні Македонияға қарсы ойнап болған соң, Қазақстанға оралады. Екінші жолдастық ойын күздегі УЕФА датасына қалдырылды.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.