"Заң және біз"

Ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкері алаяқтыққа жол берген

Written by Aray2005

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Жамбыл облысы бойынша Департаменті тарапынан ҚР ҚК-нің 369 б. 1 б. қызметтік алаяқтық дерегі бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасының қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Аталған дерек бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жолданған ұсынысын қарау қорытындыларын қарастыру үшін жиналыс өткізілді. Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Н.Исламов, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруышылығы басқармасының басшысы Б.Нығмашев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша Тергеу басқармасының басшысы Ж. Тасқұлов, Ауыл шаруашылық басқармасының қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында Тергеу басқармасының басшысы Ж.Тасқұлов, аталған басқарманың қызметкеріне қатысты қозғалған қылмыстық ісі бойынша Департаментпен қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсынысының қарау нәтижелерін баяндады. Жүргізілген қызметтік тексеріс қорытындысы бойынша жалғандық жасау фактілері анықталды, яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 369 б. 1 б. көрсетілген қылмыстар.

– Аталған мән-жайлар аталған лауазымды тұлғаны қадағалайтын жауапты тұлғалары тарапынан өз қарамағандығы бөлімдерге тиісті деңгейде ведомствалық бақылау жүргізбегендіктен деп тұжырымдауға болады.

Аталған деректер, қоғам мен мемлекет тарапынан мемлекеттік қызметіне сенім жоғалтуына түрткі болып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің имиджіне теріс әсер болады.

ҚР Мемлекеттің қызметі туралы Заңының 10-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер: функцияларын өздерінің лауазымдық өкілеттеріне сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

Сондықтан, тиісті лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілігін қатаң түрде қарау үшін, сондай-ақ келешекте мұндай бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында Жамбыл облысы әкімдігіне ұсыныс жолданғанын, – деді өз баяндамасында Тергеу бөлімінің басшысы Жаннұр Тасқұлов.

Жиын барысында Департамент қызметкерлерімен ұсыныстар енгізіліп және қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

ПІКІР