Диагноз

Ауыр халдегі науқас жазылып шықты

Written by Aray2005

Апта басында ауруханаға коронавирус індетімен ауыр халде түскен науқас жазылып шықты. 45 жастағы Тараз қаласының тұрғыны 10 сәуірде дене қызуы және құрғақ жөтелге қатысты шағыммен емханаға жеткізілген. Қабылдау кезінде алынған сынама оң нәтиже көрсеткен.

Азаматша бірден инфекциялық стационарға жатқызылған. Науқастың жағдайы ауыр деп бағаланғандықтан, ол бірнеше күн бойы жансақтау бөлімінде болған.
Алайда медицина қызмет­керлерінің үйлесімді және кәсіби әрекеттерінің арқасында бүгінгі күні ол толығымен сауығып шықты. Емдеу барысында дәрігерлер бірнеше рет Нұр-Сұлтан қаласының КВИ науқастарына арналған ситуациялық орталығындағы әріптестерімен кеңесіп отырды.
Нәтижесінде олардың жұмсалған күш-жігері өз нәтижесін берді. Науқас дерттен айықты. Қазір ол дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне алынған.
Жалпы облыс бойынша қазіргі таңда 43 адам дерттен айығып отыр.

C.Жапарұлы

ПІКІР