Аяулы жырлар – алдаспан дәуірдің үні

0 20

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында поэзия ханшайымы атанған ақын Күләш Ахметованың 75 жас мерейтойына арналған өлкеміздегі ақын-жазушылармыздың өрнегі мол жырларын зағип жандарға насихаттау мақсатында «Аяулы жырлар – алдаспан дәуірдің үні» атты поэзия дауысы өтті.
Шара барысында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ поэзиясының Ақ гүлі атанған танымал ақын Күләш Ахметованың мерейлі 75 жасқа толуына орай тұрақты оқырмандар І топ көз мүгедегі Ануарбек Утеулов ақынның сөзіне жазылған «Жалғыз досым» әнін орындаса, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің білімгері Аружан Қоңырбаева «Өкініш», Жамбыл жоғары медициналық колледжінің білімгерлері Айбек Сайдуллаев «Менің сәулелі сәттерім», Әйгерім Оралбекова «Сенің бақытың», № 10 орта мектептің оқушысы Аружан Исақұл «Мен қазақпын» атты өлеңдерін оқыды.
Ақынның махаббат, табиғат, патриоттық сарынға негізделіп, әсіресе жастарды Отанды, туған елді сүюге, құрметтеуге, ұлтжандылыққа үндейтін поэзиясынан топтамалар ұсынылып, ақынның замандастарының пікірлері көрсетілді.
Күләш Ділдәқызының ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына құттықтауы беріліп, «Поэзияның ақ гүлі» кітап көрмесіне библиографиялық шолу ұйымдастырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.