"Шабыт"

Айбыны бірлік, айдыны тірлік

Written by Aray2005

Бірлікпен баққа кенеліп,
Бәсекелеске бекінген.
Еңбектеп өскен ел едік,
Еңбекпен ғана жетілген.

Адал еңбектің шырағы –
Адамның асыл жүлдесі.
Ұлы даланың ұраны,
Мәңгілік елдің мүддесі.

Еңбектің бәсі жоғары,
Еңбекте бар күш, зор қуат.
Халықтың кәсіподағы –
Қамқоршы қарашаңырақ.

Қол ұшын созар қоғамда,
Жаны ізгі елге, бағы асыл.
Миллиондаған адамға,
Мейірімі ортақ жанашыр.

Әділетсіздікті сүймейтін,
Сүйрейтін бірлік, достыққа.
Әр жанды ойлап тимейтін,
Жарғақ құлағы жастыққа.

Жауынгер жұмыс жасағы,
Шындық пен заңның шын досы.
Шығармашылық ошағы,
Саясаттың да сырласы.

Көп жасап көппен жаны нұр,
Сарқылмай қайрат-қажыры.
Қашанда елмен жаны бір,
Еңбектің алтын қазығы.

Өрлей бер зулап заманнан,
Қалыспай қолдап елді тек.
Миллиондаған маманның,
Маңдай теріндей мөлдіреп!

Нұржан ҚАДІРӘЛІ

ПІКІР