Аймақ басшысы онлайн қабылдау өткізді

0 6

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев «Nur Otan» партиясының алаңында онлайн форматта тұрғындардың сұрақтарын тыңдап, нақты жауаптарын берді. Шараға облыстық әкімдік басқармаларының басшылары да қатысты.

Тұрғындар көтерген мәселелердің ауқымы кең. Оның ішінде ауыл мектебіне құрметті азаматтың есімін беру, тұрғын үй мәселесін шешу, ұсақ су қоймалары мен суармалы су мәселесі, пайдаланусыз жатқан учаскелерді мемлекет меншігіне қайтару сынды сауалдар бар.
Бердібек Сапарбаев Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны Мұрат Рысменбетовтің сауалына орай Жаңатұрмыс ауылын және төрт көрші елді мекенді орталықтандырылған ауызсумен жабдықтау құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы дайын екенін жеткізді. Тек бюджеттік өтінім мақұлданса және қаражат қаралса, жұмыстар жақын арада басталады.
Байзақ ауданындағы Көкөзек ауылының тұрғыны Өмірбек Бүтінбаевтың суармалы су мәселесін шешу туралы өтінішіне келер болсақ, суғару маусымы аяқталғаннан кейін жергілікті «Сәмбет» каналы бойын бетондау жұмыстары жоспарланған. Су артериясын жөндеудің нәтижесінде судың жоғалуы азаяды және шалғай учаскелерге жіберіледі.
Азаматтар көтерген мәселелердің орындалуы облыс әкімі аппаратының бақылауында болмақ.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.