Жамбыл жаңалықтары

Аймақ басшысы Т. Рысқұлов аудандық ауруханасында болды

Written by Aray2005

Асқар Мырзахметов Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасына ат басын бұрып, жай-күйін барлады. Құлан ауылында орналасқан аурухананың жұмысы, дәрігерлік құрамы туралы бас дәрігер Шындос Мырзалиев баяндады. Аурухана ғимаратының іргесі 2003 жылы қаланып, 2004-2006 жылдары толығымен пайдалануға берілген.
Медициналық нысандағы тәуліктік төсек саны – 107. Оның ішінде: емдеу бөлімі – 15, жүйке аурулар бөлімі – 15, балалар бөлімі – 16, геникология бөлімі – 14, жұқпалы аурулар-25, реанимация бөлімі-6 төсектен тұрады.
Бүгінде ауруханада штат бойынша 133 дәрігер, 431 орта буынды қызметкер қызмет етеді. «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасымен 14 жас маман келіп, еңбек етуде.
Қазіргі таңда ауданға типтік емхана ғимараты қажеттілігі көтеріліп отыр.

ПІКІР