Жамбыл жаңалықтары

Аймақта коронавирустық инфекция жұқтырудың 51 дерегі тіркелді

Written by Aray2005

Ағымдағы жылдың 27 шілдесіндегі жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 51 жағдайы тіркелді, оның 20-сы симптомдық, 31-і симптомсыз.

Атап айтсақ, Қордай ауданында 45-73 жас аралығындағы тұрғындар арасында 8, Шу ауданында 7 (2-66 жас аралығында), Тараз қаласында 5 симптомдық жағдай (57-83 жас аралығында) расталды. Оның ішінде бір байланыста болған тұлға бар.

Науқастар жұқпалы аурулар мен уақытша стационарларға жеткізілді.

Олармен байланыста болған тұлғалар карантинге оқшауланды.

Ошақтарда қорытынды дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, өткен тәулікте Қордай ауданында 9-58 жас аралығындағы тұрғындар арасында 11 симптомсыз жағдай, Таразда 8 (10 — 60 жас аралығында), Шу ауданында 4 (22-50 жас аралығында), Байзақ ауданында 4 (8-77 жас аралығында), Т.Рысқұлов ауданында 2005, 1984 жылы туған әйелдер арасында 2 жағдай, Жамбыл және Талас аудандарында 1990, 1980 жылы туған ер адамдар арасында 1 жағдайдан анықталған.

Олардың барлығы үй карантиніне алынды.

Коронавирусқа шалдыққандардың басым бөлігі зейнеткерлер, балалар және жұмыссыздар екенін атап өту керек.

Ағымдағы жылдың 27 шілдесіндегі жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында коронавирусты инфекцияның барлығы 3339 жағдайы тіркелген. Олардың 1453-і емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.

ПІКІР