"Алтын бесік"

Аймақта жыл басынан бері 24 мың тонна ет өндірілген

Written by Aray2005

2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында Жамбыл облысында шаруашылықтың барлық санаттарында тірідей салмақпен 23,7 мың тонна мал және құс еті өндірілді. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 103,9 пайызды құрады.

Сауылған сүт 1,6 мың тоннаға (3,3%-ға) артып, 51,6 мың тоннаны құрады. Өткен жылмен салыстарғанда өндірілген жұмыртқа 366,6 мың данаға (1,7%) артты.

2019 жылғы қаңтар-наурызда әр сауын сиырдан сауылған сүт орта есеппен 452 кг-ды, ал әр мекиен тауықтан алынған жұмыртқа 36 дананы құрады.

2019 жылғы 1 сәуірде шаруашылықтың барлық санаттарындағы мал санын өткен жылмен салыстырғанда ірі мүйізді мал 8,1%-ға (32 мың басқа), қой мен ешкі 6,1%-ға (184,5 мың басқа), жылқы 9,6%-ға (11,2 мың басқа), шошқа 11,3%-ға (2 мың басқа), құс 7,4%-ға (93,2 мың басқа)  көбейді.

Облыстың барлық санаттағы шаруашылықтарында 62 мың бас бұзау, қозы мен лақ 586 мың бас, торай 9,8 мың бас, құлын 10,9 мың бас алынды.

2019 жылғы қаңтар-наурызда талдау жасалы отырған кезенде облысымыздың барлық санаттағы шаруашылықтарында 69 бас ірі мүйізді мал (өткен жылғы деңгейге 66,3%), 1453 бас –қой мен ешкі (2,1есе) өлім — жітімге ұшырады.

Мал мен сүттің негізгі бөлігін өндіру тұрғын халықтың жеке үй шаруашылықтарының үлесінде қалып отыр. Олар облысымызда өндірілген барлық еттің – 60,1%-ын, сүттің – 74,7%-ын, жұмыртқаның – 41,8%-ын.

2019 жылғы қаңтар-наурызда облыста өндірілген ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі ағымдағы бағалармен 23314,1 млн. теңгені құрады.

ПІКІР