"Кәсіпкерлік"

Аймақта жыл басынан бері 90 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалуға берілген

Written by Aray2005

2019 жылғы қаңтар-наурыз айларында облыстағы құрылыс жұмыстарының көлемі 14 294,9 млн.теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 8,8%-ға артты.

Аталған кезеңде тұрғын үй құрылысына 9 368 млн. теңге жұмсалды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі тұрғын үйлер құрылысына игерілген қаржылар үлесі 25%-ды құрады.

Тұрғын үйлер құрылысының негізгі қаржыландыру көзінің үлес салмағы 62,6% құрайтын жеке үй салушылар қаражаты болып табылады.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 89,4 мың шаршы метрді құрады. Пайдалануға берілген тұрғын жайлардың нақты көлем индексі 2018 жылғы сәйкес кезеңге 107,8%-ды құрады.

ПІКІР