«Ажал калькуляторы»

0 4

Канадалық ғалымдар адам қартайған сайын олардың қабілетін анықтап, қандай көмекті қажетсінетінін әрі ғұмырының қашан таусылатынын болжайтын «ажал калькуляторын» ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы «Canadian Medical Association Journal» мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлімдеді.

RESPECT (Risk Evaluation for Support: Predictions for Elder-Life in the Community Tool) деп аталатын құрылғы адамның ажалын өлуіне 6 ай қалғанда болжай алады.

Бұл аспап 2007-2013 жылдар аралығында үйде күтім көрген 491 000-нан аса қарт адамның дерегіне негізделген.

RESPECT калькуляторы қарт адамы бар отбасы мен туыстарына көп көмегін тигізері хақ. Яғни қарияның қашан демалыс алу керектігі сынды дүниелерді жоспарлауға көмектеседі.

Бұл құрылғы адамның күнделікті іс-әрекетін бағалау арқылы оның қабілетін, денсаулығын бақылауға қабілетті. Мәселен, адамның қимыл-қозғалысының ширақтығын, сергектігін, жинақылығын, ұқыптылығын бағалайды.

Оттава емханасының дәрігері Питер Танусепутро бұл калькулятордың денсаулық сақтау жүйесінде кеңінен қолданылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Осылайша адамдар енді қашан өлетінін болжай алатын деңгейге жетті. Одан әрі ғалымдардың нені ойлап табатындығы әзірге белгісіз. Бәлкім, мәңгі өмір сүру құпиясы да ашылып қалар…

Саян ТІЛЕУЖАН

Leave A Reply

Your email address will not be published.