«Ажырасатындардың бір жұбы сот отырыстарына қатыспаса, іс қалай шешіледі?»

0 15

«Сұрайын деп едім…» айдары бойынша редакциямызға хат жолдаған оқырмандарымыздың бірі жұбайлардың неке жауапкершілігі заң алдында қалай шешілетінін сұрапты.
«Ажырасуға арыз берген ерлі-зайыптыларға берілген уақыт өтіп, ең соңғы сот отырысына жұбайлардың бірі келмей қалса, ары қарайғы іс қалай жүреді? Мәселен, күйеуімнен ажырасқым келеді, ал ол ажыраспайтынын айтады».

«Қорғау» орталығының облыстағы филиалының бас маманы, заңгер Баян Құрбанова:
– Жұбайлардың ажырасуына байланысты сот отырысы негізі 2 ай бойы жүреді. Егер сол аралықтағы сот отырыстарына екінші жұп келмеген жағдайда, сот ол кісіге жіберген ескертпелеріне қарап-ақ жағдайға қарай ажырастыруы мүмкін. Ал егер арада бала болса, ажырасқысы келмейтін жұп соттан 6 айға дейін уақыт сұраса, тағы сондай уақыт олардың татуласуына беріледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.