Азия чемпионының қазасына қатысты ақпарат тарады

0 6

Ақтөбе облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаровтың каратэдан Азия чемпионы Дәулет Хайролланың қайтыс болғаны туралы айтқанын естіген едік. Небары 18 жастағы каратэдан жеңімпаз жігіт туған күнге барып, қаза болған екен. Бұл туралы ақпаратты Ақтөбе облысы полиция департаменті таратты.

Құқық қорғаушылардың мәлімдеуінше, 4 ақпан күні бір топ жастар құрбыларының туған күніне барып, сол жерде жанжал туындап, арасында біреуі атыс қаруын қолданып, кісі өлтірген. Жедел іздестіру шараларымен күдікті анықталып, ұсталған. Қолымен жасаған қылмысын мойындаған ол қаруын жасырған жерін де көрсеткен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.