Бүгін – Бүкіләлемдік киттер күні

0 9

Өткен ғасырдың ортасында теңіздегі сүтқоректілердің бақылаусыз қырып-жойылуының салдарынан олардың саны күрт азайды. Бұл мәселе экологтар мен зоологтар қатты мазалады. Өйткені осылайша табиғатқа зиян келтірудің кесірінен экологиялық жүйенің бұзылатындығы анық.
1982 жылы Халықаралық кит аулау жөніндегі комиссия (IWC) киттерді коммерциялық мақсатпен аулауға мораторий енгізуге дауыс берді. Ол 1986 жылдың 19 ақпанында күшіне енді. Бұл оқиғаға орай Бүкіләлемдік киттер күні мерекесі бекітілді. Мейрамның мақсаты – теңіз бен мұхит мекендеушілерін қорғап, табиғатқа қамқорлықпен қарауға қоғамның назарын аудару.
Ол тек ірі теңіз сүтқоректілері үшін ғана емес, олардың өзге түрлерін де қорғауға арналған. World Whale Day барлық құрлықтарда аталып өтеді. Оны дәстүрлі түрде тойлаудың арқасында адамдардың қатыгездігі барынша азайып, табиғаттың үйлесімділік заңын бұзу салдарынан өркениеттің жойылатындығына көңіл бөліне бастады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.