Бүгін Есенқұл Жақыпбектің туған күні

0 12
Бүгін ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Есенқұл Жақыпбектің (1954-2013) туған күні.
Ақын 1954 жылы Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.
Алғашқы жыр жинағы «Қарлығаш» деген атпен 1984 жылы жарық көрді. 1990 жылы «Біз екеуміз», 1994 жылы «Жеріңе табын», 1996 жылы «Жанқисса», «Есіл дүние-ай», 1999 жылы «Біздің елдің жігіттері» және 2001 жылы «Бұл жаз да өтер» атты өлеңдер жинақтары жарық көрген.
Сондай-ақ, «Тау басында кәрі қар» кітабының авторы. Ол телевизиялық ақындар айтысының тұңғыш лауреаты атанған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.