Бүгін – Кеңес әскерің Ауғанстан жерінен шығарылған күні

0 5

Бүгін Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 32 жыл толды.

1979 жылы 25 желтоқсанда енгізілген одақ әскері Ауған жерінде 10 жылға жуық уақыт әскери іс-қимылдарға қатысты. Кейбір деректерге қарағанда соғысқа 620 мың кеңес жауынгері, соның ішінде 22 260 қазақстандық сарбаз ұрыс қимылдарына тікелей қатысқан. Осы майдан даласында мыңға жуық қазақстандық қаза тапса, 2 мыңнан астамы мүгедек атанды. 417-сі хабар-ошарсыз кетті.

Ал, Жамбыл облысынан 2 236 адам қатысып, соның жетпіс бірі елге оралмай қалды. Сарысулық жерлесіміз із-түссіз кетті. Әлі күнге дейін табылған жоқ. Қазіргі таңда Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында есімдері жазулы тұр. Екіншіден, үш жүзге тарта азаматтарымыз әр түрлі санаттағы мүгедек болып қалды. Көпшілігі өмірден өтіп кетті.

Ауған соғысына қатысқан сарбаздар өз міндет-борыштарын адал орындады. Сондықтан ауған соғысында қаза болғандар мен қазір қатарымызда жүргендерге құрмет еш уақытта бәсеңсімек емес.

Leave A Reply

Your email address will not be published.