Бүгін Жуалы мен Сарысуға жол жүрмеген жөн
Бүгін табиғат ана қайта тосын мінез танытып отыр. Осыған орай облыстық полиция департаменті Жуалы ауданындағы Шақпақ-ата асуында бораннан жол көрінбейтіндігін ескертеді.
Сондай-ақ Сарысу ауданындағы Жаңатас қаласы мен Саудакент арасындағы жолмен де жүру қиын. Сол себепті мамандар аталған аудандарға жолға шықпауға кеңес береді.