Бүгіннен бастап жүргізуші куәлігін үйде қалдырсаңыз да болады

0 16

Бүгіннен бастап қазақстандықтар жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу құжатын өздерімен бірге алып жүрмесе де болады. Мұндай оңтайлы мүмкіндікке жүргізушілер 1 ақпанында резидент Қасым-Жомар Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойғаннан кейін ие болып отыр. Десе де жол сақшылары кімнің көлік жүргізуге құқығы барын, көлікті тіркеу куәлігі мен сақтандыру полисі және көліктің техникалық байқаудан өткенін-өтпегенін растайтын құжатты планшет арқылы тексеріп біліп отырады. Шетелдік жүргізушілер мен Ал интернет жоқ елді мекендерде және тас жолдарда тексеру мұны анықтау орталыққа радиобайланыс арналары арқылы хабарласу арқылы жүзеге аспақ.
Әйтсе де бұл жаңашылдықтың шетелдік мемлекеттік нөмірлері бар автокөліктерді жүргізушілерге, Қазақстаннан тыс жерлерде жүргізуші куәлігін алған азаматтарға қатысы жоқ. Олар жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу құжатын өздерімен бірге алып жүруге міндетті.

nur.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.