Экономика

Бағдарламаны жүзеге асыру – уақыт талабы

Written by Aray2005

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарық көргені бәрімізге белгілі және әрбір ұжымда қызу талқыланды. Өз мақаласында Елбасы: «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу», деп қадап айтты. Бұл мақсатта іске қосылған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аталған мақсатқа жетудің бірден-бір жолдарын анық көрсетіп отыр. Сол себептен аталған бағдарламаны жүзеге асыру – уақыт талабы екендігі даусыз.
Елбасының осы қағидаттарын басшылыққа ала отырып, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының ұжымы білікті және сапалы мамандар дайындау жолында аянбай еңбек етіп келеді. Бұл мақсатта кафедра жанынан жаңа заманауи зертхана ашылып, көптеген компьютерлік жаңа технологиялармен толықтырылуда. Зертхана жұмысын ғалым, физика-математика ғылымдарының кандидаты Ғ.Алтыбаев басқарып келеді.
Кафедраның желілік технология зертханасына орнатылған танымал «Cisco» өнеркәсіптік микроконтроллерлер мен желілік құралдары базасында қолданылатын микропроцессорлық жүйелер тиімділігі жоғары үйлестірілген жүйелерді басқаруды және желілік технологияларды қолданып, ғаламдық және жергілікті желілерден деректерді жинап, өңдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар кафедрада студенттердің отансүйгіштік тәрбиесіне және қаржылық сауаттылығына, IT-сфераның дамуына, IT-білімнің құрылуына үлкен назар аударылып отыр.
Шын мәнінде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асырылатын уақыт қашық емес. Сондықтан студенттеріміз сапалы білім мен саналы тәрбие ала отырып, еліміздің 2050 жылы әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіріп, экономикасы қуатты, дамуы тұрақты елге айналу жолына жасалған қадам деуге болады. Бұл ретте «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы болашақта еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие мамандықтарды оқытуға өз үлесін қосуда еңбек ете бермек.

Л.Әбдікерімова,
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы

ПІКІР