Елден хабар

Бағдарламаның бағдары назарда

Written by Aray2005

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Исламбек Дастан  «Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша «Азаматтық бақылау» қоғамдық мониторингін жүргізу»  атты грант аясында атқарылған жұмыстарын баяндады.

Грант аясында бес бастаманы мониторингілеу мақсатында сарапшылар тобы құрылып, олар зерттеу бағдарламасы және оның құралдарын әзірлеп, 17 өңір бойынша ұсыныстарды мемлекеттік  органдарға жолдапты. Бастамалардың орындалуы бойынша Жамбыл облысы бойынша 9 мүдделі мемлекеттік органдардың басшылығынан бес бастама бойынша сұхбаттар алынған.  Ютуб арналарында жарияланып, осы күнге дейін 2000-нан аса адам ақпаратандырылған екен. Сондай-ақ облыс көлемінде «Жасырын тұтынушы» жобасы арқылы  34 мекемеде мониторинг жүргізіліп, 11 кемшілік анықталыпты. Оның ішінде халықты мазалайтын мәселе Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісінен кеңес алу үшін 4-5 сағаттық кезекте тұру. Анықталған кемшіліктер бойынша мемлекеттік мекемелерге жолданып, жауаптары алынған. Сонымен қатар өңірде әлеуметтік бастаманың әр бастамасы бойынша жеке-жеке сауалнамалар жүргізіліпті.

– Қоғамдық мониторинг жүргізу барысында  J-Reception.kz   сайты арқылы тұрғындардың ұсыныстары, пікірлерін, өтініштері мен сұрақтарын жолдау үшін интернет қабылдау желісі қосылып, жоба басталғанан бүгінгі күнге дейін 53 сұрақтар қабылданып, мүдделі органдарға жолданып жауаптары алынуда. Азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталған бейнеролик әзірленіп, 5 БАҚ беттеріне жарияланып, 175 000 мыңнан астам қаралым жинады.Қорыта келгенде, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы негізінен әлеуметтік жоба болып отыр. Оның барлық пункттерінде қатардағы азаматтардың әл-ауқатын арттыру, болашаққа деген сенімін арттыру мақсаты тұр. Жоба аясында қоғамның барлық топтары қамтылды. Жобаның қорытындысы ретінде  Әлеуметтік бес бастаманы орындалуы бойынша облыстық тәжірбиелік конференция ұйымдастырылды, – дейді Исламбек Дастан.

ПІКІР