Қоғам

Балабақшалар үзіліссіз істей береді

Written by Aray2005

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жәмилә Бекбатырованың қатысуымен төтенше жағдай кезінде білім беру және қосымша білім беру мекемелерінің жұмыс режимі туралы онлайн баспасөз конференция өтті.

Брифинг барысында Жәмила Елеуқызы алдымен облыстың білім беру саласында коронавирустың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Спикердің айтуынша, балабақшалар бұрынғыша жұмысын жалғастыра береді.
– ҚР Білім және ғылым министрлігінің арнайы бұйрығына сәйкес, балабақшалар әзірше жұмыс істей береді. Бала бірнеше күн балабақшаға бармаса да, орны сақталады. Баланы балабақшаға жіберу, жібермеу ата-ананың өз еркінде. Мектепке дейінгі білім мекемелері күшейтілген залалсыздандыру режиміне көшкен.
16 наурыздан 15 сәуірге дейін каникул кезінде мұғалімдер үйлерінде болып, қашықтықтан жұмыс істей алады. Яғни еңбекақы сақталады.
Пәндік олимпиада, спартакиадалар кейінгі шегерілді.»Балдәурен», «Бөбек» лагерьлеріне балалар жіберілмейді. Колледж студенттері zhambyltipo арнайы порталы арқылы қашықтықтан оқытылады. Студенттердің үйлеріне қайтудың реті болмаған жағдайда, жатақханада қалуға мүмкіндік қарастырылған. Оқу орындарының басшыларына тиісті тапсырмалар берілді, – деген Жәмила Бекбатырова өзгеде мәселелерді тілге тиек етті.

А.ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ

ПІКІР