Жамбыл жаңалықтары

Балалар күнінде шаттық сыйлады

Written by Aray2005

«1 маусым — балаларды қорғау күні» мерекесіне орай 2035 әскери бөлімінің тәрбие, әлеуметтік-құқықтық жэне идеологиялық жұмыстар бөлімі Тараз қаласындағы «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілерін мерекелерімен құттықтап барды.

Бөлім қызметкерлері сыйлаған әуе батуты, құрғақ бассейнде ойнақ салған балақайлар ән айтып, би билеп, шығармаларымен тәнті етті. Сонымен қатар, анимациялық кейіпкерлерге де бүлдіршіндерге шат-шадыман көңіл күйін сыйлады. 2 мен 4 жас аралығындағы бүлдіршіндер 2035 әскери бөлімінің өкілдеріне өз қолдарымен жасаған ізгі тілек жазылған тілек қағаздарын ұсынды.

Қонақтарға «Үміт» балалар үйінің ұжымы атынан, балалар үйінің бас дәрігері Гүлжан Нұрғалиқызы келген қонақтардың кішкене бүлдіршіндерге деген қайырымдылық көмектері мен тартымды сыйлықтарына алғысын білдіріп, келешекте де жас сәбилердің мерекелерін бірлесіп атқаруды ұсынды.

Айнұр Жапбарова

2035 әскери бөлімінің тәрбие, әлеуметтік-құқықтық және

идеологиялық жұмыстар бөлімінің аға офицері, аға лейтенант

ПІКІР