"Заң және біз"

Баланы жастан…

Бала күнімізде рұқсатсыз ересек балаларға еріп, тоған басына шомылуға кетіп қалып, ауылдастардың бау-бақшасына ұрлыққа түскенімізді немесе сабақтан қашқан кезімізді үйдің үлкендері біліп қойса, көк шыбықты суға малып күтіп отыратын. Тым еркінсіп кеткен оқушыларды мұғалімдер «көзіңді СПТУ-ға құртамыз» деп қорқытатын. Дегенмен, ол кездегі жасөспірімдердің құқық бұзушылығы көбіне балалықтың шалалығымен жасалатын-ды. Шындығын айтқанда, ол кездің балаларында бүгінгінің жеткіншектеріндей бір емес, қайта-қайта тәртіп бұзу, сабақтан себепсіз айлап-апталап қалу, ұйымдасып қылмыс жасау деген атымен болмайтын. Жалпы, тәртібі қиын балалар есейе келе қылмыстың ауыр түрлерін жасауға еті үйрене бастайтыны анық. Ал, қоғамның басты міндеті – баланы жазаға тарту емес, тәртібін түзеу.

Облыс әкімдігі білім басқармасының жан-жақты ведомствоаралық бірлескен жоспарлары негізінде қоғамдық ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар тарапынан кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуын болдырмау мақсатында қолға алынған шаралар нәтижесінде бүгінде есепте тұрған тәртібін түзеуді қажет ететін жасөспірімдердің саны 89-дан 57-ге азайыпты. Қайта бейімдеу үшін атқарылып жатқан игі жұмыстарды өз көзімізбен көрмек болып, біз облыс әкімдігінің білім басқармасына қарасты «Балалар мен жасөспірімдердің арнайы мектебіне» бас сұқтық. Мұнда жас ерекшелігіне қарай бөлінген 4 топта кәмелеттік жасқа дейінгі 38 бала тәрбиеленуде. Олардың 9-ы қыз бала. Қырыққа жуық педагогтар мен мамандар тәрбие беріп отырған өрімталдардың ішінде өзіміздің қаракөздер де баршылық. Жеңіл қылмыс түрлерін жасап, сот шешіміне сәйкес 1 айдан 1 жылға дейін осында оқуға алынған жасөспірімдердің арасында еліміздің өзге өңірлерінен келгендер де бар екен. Жалпы, Қазақстан бойынша мұндай мектеп Кентау, Ақтау, Қарағанды, Алматы, Өскемен қалаларында да бар. Соның ішінде Өскеменде – екеу. Оның бірі арнайы мектеп болса, екіншісі – ерекше тәртіпті қажет ететін, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектеп. Мәселен, арнайы мектептегі мерзімі жетіп еркіндікке шыққан жасөспірімдер баяғы әдетіне қайта басып, құқық бұзса, онда Өскемен қаласындағы ерекше тәртіпті қажет ететін арнайы мектепке жіберіледі.

Тараздағы арнайы мектептің директоры Оспан Күнтібаевтың айтуынша, жасөспірімдер қылмысына көбінесе жайсыз отбасынан шыққан немесе ата-анасының қарауынсыз қалған балалар баратын көрінеді.
– Мұндағы балалардың 90 пайызының әкесі жоқ. Тұрмыстары нашар. Ашығын айтқанда, ішкілікке салынған. Осындай ортада тәрбиеленген балалар тамағы тоқ, киімі бүтін болмаған соң қылмыс жасамағанда қайтсін? Өзгелердің ұялы телефонын, киімін тартып алу немесе түрлі-түсті металл ұрлау арқылы қылмысқа барған жасөспірімдердің бар мақсаты – тойынып тамақ ішу, жарқырап киіну ғана. Ал, біздің мақсатымыз қылмыстың құрсауына іліккен жасөспірімдердің санасын оятып, өмірге құштарлығын арттыру. Осы жерде сот шешімімен 1 айдан 1 жылға дейін тәрбиеленген 11-18 жас аралығындағы балалардың түзеліп кеткендері де бар. Жалпы, мұнда құқық бұзған жеткіншектердің бірі келіп, бірі кетіп жатады. Соңғы бір жылда мұнда үш бала қайта оралды. Соның бірі Григорий Буташов деген жасөспірім. Ол бүгінде әжептеуір түзелді. Біздің мекеме кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы заңның 13-бабын негізге ала отырып жұмыс істейді. 6,7,8-сыныптар біріктіріліп, 9,10,11-сыныптар бөлек оқытылады, – дейді Оспан Оразбекұлы.

Аталған арнайы мектептің негізі 1940 жылдары қаланған екен. Сол кезде мұнда қылмыстық іспен сотталған балалар оқыған көрінеді. 1964 жылы Білім және ғылым министрлігінің құзырына беріліп, мектептің атауы қазіргідей болып 2001 жылы өзгертіліпті. Мектептің мәжіліс залы, спорт залы, кітапханасы мен асханасы, шеберханасы, медицина орталығы бар. Түске дейін сабақ оқытылса, түстен кейін балалар 3 сағат үйірмеге қатысады. Орта білім беру бағдарламасына сай жұмыс жасайтын мектептің сынып бөлмелері интерактивті тақта секілді құрылғылармен жабдықталған. Мұнда оқушылар интернет желісі болмаса да арнайы диск арқылы сабақты электронды түрде оқуға мүмкіндігі бар. Ал, тәрбиешілердің қадағалауымен сенбі күндері үйлерімен сөйлесуге құқылы. Мұнда «Ритм», «Шебер қолдар», «Сырғалым», «Наз» би тобы, «Домбыра» секілді бас-аяғы 8 үйірме жұмыс істейді. Соның ішінде «Көркемсөз» үйірмесі ежелеп оқитын немесе жазуы нашар балалардың қабілетін жетілдірумен айналысады. Кітапханашы Қансұлу Мұсаева мұндағы балаларға адамның өмір сүру салтын санасына ақылмен айтып түсіндіретіндерін, олардың еңбекқорлық, мәдениеттілік, адамгершілік қасиеттерді кезінде өз отбасында бойларына дұрыс сіңіре алмағандықтан, осындай жағдайға тап болғанын, жалпы әр баланың бойында бір қабілет бар екенін, сол уақытында ашылмай қалып жататынын айтты. Расында да біз тәп-тәуір ән салатын жеткіншектерді, өзге ұлт өкілдерінің балалары қазақтың қара домбырасында шебер ойнайтынының куәсі болдық. Домбыра үйірмесінің жетекшісі Нұржан Әлиевтің баулуындағы Слава, Дима атты орыс балалары бізге қазақтың «Ерке сылқым», «Кеңес» күйлерін орындап берді. Арагідік өнерлі өрендер қарттар үйіне барып, мерекелік концерт қойып тұрады екен.
Біз Григориймен тілдескенімізде оның Байзақ ауданы Сарыкемер ауылынан шыққанын білдік. Ол үйіне барғысы келмейтінін айтты.

– Менің әке-шешем жоқ. Бірақ, әжем бар. Ол арақ ішпегенімен, есесіне баласы мен келіні ішкілікке салынған. Құдайдың құтты күні ішеді. Мас болып үйден талай қуып шыққан. Кішкентайымнан үрейдің құшағында өмір сүрдім. Шешем 11 жасымда қайтыс болған. Үйде береке болған емес. Жақында 18-ге толамын. Егер үйге барсам, баяғы өміріммен қайта қауышатыным сөзсіз. Осыны директорға айтып, мені қалдыруды сұрадым. Бірақ, заң бойынша мұнда 18-ге толғандар қалуға болмайды екен. Болашақта колледжге оқуға түсіп, компьютер бағдарламашысы мамандығын игергім келеді, – дейді ол.
Григорий арнайы мектептен кезінде екі рет қашып шығыпты. Бұл қылығын ол аталмыш мектепте темекі тартуға мүмкіндік болмағандығымен түсіндіріп, қоқыс арасынан темір-терсек жинап, темекі сатып алғанын, қазір темекіні қойып кеткенін айтты. Өзі үйдің ішіне кафель төсеу, әрлеу секілді жұмыстарға да бейім көрінеді.

Мектеп директоры Оспан Күнтібаев «Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу» деген ниетпен жеткіншекті облыстық білім басқармасына қарасты «Жасөспірімдер үйіне» орналастыруды көздеп отыр екен. Одан әрі колледж арқылы мамандық алуына ықпал еткісі келетінін де жасырмады.

Балалар тәулігіне 5 мәрте тамақтанғанымен, мөлшерлі тамаққа ересектері тойынбайтын сыңайлы. Сондықтан, алда-жалда өзгелер қайырымдылық жасай қалса, соның есебінен әлгі балалардың тамағы үстемеленеді. Негізінен, дәл осы мектепке бай-бағландар қайырымдылық жасауға құлықсыз көрінеді. Десе де, қолы ашық жандар бар, олардың дені ювеналды сот судьялары секілді заң адамдары.
Біз ата-ана тарапынан берілетін тәрбиенің жеткіліксіздігінен, яғни балаға отбасылық махаббаттың жетіспеушілігі салдарынан жаза басып осындай орынға тап болған тағдырларды көрдік. Шынында, аталған мектепке жеткенімізше көз алдымызда мектеп емес, темір тор елестегені жасырын емес. Әйтсе де, бұл орын бізге бейне бір интернат секілді көрінді. Интернаттан айырмашылығы – тәртібі. Жалпы, тәртіп осы балаларға сүрініп кетіп, бүлінбес бұрын берілгенде мұндай мәселемен қоғам бас қатырмас еді. Сондықтан, жасөспірімдердің қылмыс жасауын болдырмау үшiн әр отбасы өз баласын қатаң қадағалағаны құба-құп.

Н.Сырғабаев

ПІКІР