Баланың ыстығын пиязбен де түсіруге болады

0 6

Мысырлықтар пиязды адамның дене қызуы көтерілген кезде жиі қолданады екен. Себебі оның пайдасы зор.

1919 жылы Мысырда тұмау індетінен 40 мың адам көз жұмады. Сол кезде медицина қызметкерлері елді мекендерде үй аралап жүріп, адамдарға көмек көрсетеді. Қыстақтың шетінде тұратын бір диқанның үйіне келіп таңғалады. Себебі отбасы мүшесінің бәрі дін аман, тұмауратқан ешкім жоқ.

Бұл қалай болғаны, елдің бәріне тұмау тиіп ауырып жатыр, сіздің үйіңізде бәрі сап-сау”, – деп сұрайды дәрігер.

“Міне, мынау ғой, күнде осылай жасаймын. Үйдің әр бөлмесінде бір пияздан қойылған”, – деп үй иесі ортасынан екіге бөлінген пиязды көрсетеді. Аң-таң болған дәрігер пиязды ала сала микроскоппен тексере бастайды. Пияз қабықтарының арасында тұмау вирустарының толып тұрғанын көреді. Содан, аршылған пияз микробтарды өзіне тартып, оларды өлтіретіні анықталды.

Сондықтан баланың ыстығы көтеріліп жатса, бір пиязды қабығын аршымай екіге бөлеміз. Дене қызуы көтерілген баланың табанына екі жарты пияздың кесілген бөлігін жабыстырып, шұлығын кигізіп қоясыз. Нәтижесі бірден көрінеді. Баланың қызуы түскен кезде пияз қарайып кетеді.

aikyn.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.