«Balapan» эфирге бейуақытта шықпаса…

0 0

Қазақ телевизиясында осыдан 10 жыл бұрын кішкентай көрермендер үшін ашылған «Balapan» телеарнасының бүгінгі қадамы қуанатады. Бұл арнадан балаларға жақсы тәлім-тәрбие беретін, ғибрат аларлық бағдарламалар көптеп берілетіндігіне ата-аналардың алғысы шексіз. Дегенмен осы ата-аналардың телеарна басшылығына аздап назы да бар.

Біріншіден кішкентай көрермендерге арналған телеарнадан берілетін кей мультфильмдердің кейіпкерлерін көргенде бала тұрмақ өзіміздің зәреміз ұшады. Сондықтан біз шетелдің анимациялық туындылардың орнын «Қожанасыр», «Қаңбақ шал», «Алпамыс батыр», «Теке мен қошқар», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» сынды мультфильмдердің алмастырғанын қалаймыз.
Одан соң таң атар атпастан іске қосылатын «Balapan» эфирінің 00:00-ге дейін созылуы да жанға батады. Ойын баласы шаршағанды білуші ме еді? Күн ұзақ «Balapan»-ға телмірген күйі тәтті ұйқыға батар сәтінде де көзін тырнап ашып, теледидарға телміріп отыра береді. Әрине бұдан арнаның рейтингі өсіп, белгілі бір аудиторияда беделі қалыптасуы бек мүмкін. Алайда баланың тұлға болып қалыптасуында оның тынығу уақытының мөлшері бар екенін ескерсек «Balapan» эфир уақытын 22:00-ге дейін жалғасқаны абзал.

Көбен МАНТЕНОВ,
Ақкөл ауылының тұрғыны,
Талас ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.