Doda Sport

Балуандарымыз бабында

Written by Aray2005

Тараз қаласында грек-рим күресінен 1999-2001 жылдары туған жастар арасында ел біріншілігі өтті. Бәсекеге барлық облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 270-ке тарта спортшы қатысып, өзара бақ сынады.

Айтулы аламанда облыс намысын 25 жерлесіміз қорғап, екі алтын, бір күміс және үш қола медальға қол жеткізіп, мерейімізді үстем етті. Атап айтсақ, 97 келіде боз кілемге көтерілген Дәулет Досыбаев қарсылас шақ келтірмесе, 87 келіде күш сынасқан Мейірбек Қордабай да теңдессіз екенін танытты. Ал 63 келіде белдескен Темірлан Мамытбеков күміспен күптелсе, 67 келідегі қос саңлағымыз Алматбек Аманбек пен Ержан Нұртаев қола жүлдемен қуантты.
Осылайша балғын балуандарымыз бабын танытып, абыройымызды асқақтатты.

Саятхан Сатылғанов

ПІКІР