Бар жақсылық – балаларға

0 0

Алғыс айту күні – жалпыұлттық мереке. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен тұспа-тұс келетін мейрам ұлыстар достығын нығайта түсуге, қоғам мүшелерін өзара сыйластыққа, өзара көмекке, қайырымдылық істерге үндейді əрі отаншылдыққа тəрбиелеуді көздейді.

Айтулы мереке қарсаңында “Nur Otan” партиясы аудандық филиалы және аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйытқы болуымен, аудандық мәслихаттың депутаты, іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Сания Алтаеваның демеушілігімен “Toy City” ойын орталығында мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Шара барысында 20-ға жуық мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарына арнайы әзірленген кондитерлік тоқаштар мен тәттілер ұсынылды. Одан бөлек орталықтағы жеке кәсіпкерлер Айгерім Бектұрсынова мен Жадыра Асқарова кислородты коктейль мен тәтті мақталарды тегін таратты. Бұдан бөлек, жас өскіндер ойын орталығында асыр салып ойнап, мәз-мейрам болды. Балаларға көл-көсір қуаныш сыйлаған ұйымдастырушылар мен демеушілік көрсеткен Сания Мақсұтқызына ата-аналар алғыстарын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.