Бас мүфти қызметінен кетті

0 13

Бұл туралы Atameken Business-тің Telegram каналында жарияланды.
Дереккөздің хабарлауынша, Қырғызстанның бас мүфтиі Мақсат Тоқтамышев тұтқындалды.
Тергеу мәліметтері бойынша ол өзіне сеніп тапсырылған қаражатты талан-таражға салған. Нақтырақ айтсақ, жиналған ақшаны қаржы ұйымына депозитке салып, үстінен түскен пайызды өз пайдасына жаратып келген.
Оның көлемі теңгеге шаққанда шамамен 200 миллиондай екен. Ал бұл қаражатты қасиетті Меккеге барып, мұсылмандық парызын өтегісі келетіндер жинаған.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалған. Ол 2014 жылдан бері бас мүфти болған.

 

aikyn.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.