"Шамшырақ"

Бәсі биік білім ордасы

Written by Aray2005

85 жылдық тарихы бар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстанның академиялық ғылымы мен жоғары мектебінің дамуы және қалыптасуының бастауында тұр. Бүгінде ҚазҰУ еліміздің барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі саналады. Оның мыңдаған түлектері Қазақстанның және оның аумағынан тыс жерлердегі өндірістің барлық салаларында табысты еңбек етуде.

Университет соңғы жылдары халықаралық беделге де ие болып келеді. Ұлыбританияның «Quacquarelli Symonds» агенттігінің зерттеулері бұл оқу орнын сәйкес білім беру бағдарламалары бойынша халықаралық дәрежедегі үздік 220 университеттің қатарына енгізді.
Қазір университетте 20 мыңнан астам студент білім алады. Олардың қатарында алыс жақын шетелдерден келген талапты жастар да бар.
Университеттің профессор-оқытушылар құрамы 2 500 білікті ұстаздан тұрады. Мұнда студенттерге 400-ден аса ғылым докторы, 800-ден астам ғылым кандидаты дәріс оқиды. Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі 15 факультетте 180-нен астам мамандық бойынша бакалаврлар мен магистранттарды және докторанттарды дайындайды.
Білім ошағында студенттің жан-жақты дамуына, өзін-өзі жетілдіруге, олардың бойында көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеуге мол мүмкіндік қарастырылған. Бұл тұрғыда материалдық-техникалық базасы толығымен заманауи стандарттарға сай келеді.

Дана КӨБЕНТАЕВА, әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің 4-курс студенті

ПІКІР